$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан спортшылары Азия ойындарында тағы 3 қола медаль алды

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті мәлім етті.
Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде жүлде жинауды жалғастыруда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, бүгін жағажай волейболынан ерлер құрамасы мен таэквондо құрамасының өкілдері Жансель Дениз (67 келіден жоғары) бен Смайыл Дүйсебай (80 келіден жоғары) бірінен соң бірі жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Жағажайшылар үшінші орын үшін кездесуде Иранды 2:0 есебімен ұтты.

Таэквондошылар жартылай финалға өтіп, өкініше қарай онда жеңіліс тапты. Алайда, 1/2 финалға шығу олар үшін қола жүлдеге кепілдік берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары