$ 495.2  522.34  4.94

«Залал құны 7,4 млн». Тағы бір шенді тергеуге алынды

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне қарасты "Фитосанитария" РМК бас директоры тергеуге алынды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Заң бойынша "Фитосанитария" шаруашылық жүргізу құқығымен республикалық мемлекеттік кәсіпорын болып құрылған. Оған кәсіпкерлік қызметпен айналысуға болмайды. Бірақ мекеме басшысы заң талабына қарамай, өткен жылдың маусым айынан бастап осы уақытқа дейін Алматы облыстық филиалының үй-жайын тегін ұсынып келген.

Күдіктінің мемлекетке жасаған іс-әрекетінен келтірілген залал құны 7,4 млн теңгені құрады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген ресми хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары