Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген деструктивті діни ағымның өкілдері ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Полиция мәлім еткендей, 2021 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 54 жастағы Өзбекстан азаматы Отырар ауданында ұсталған. Ер адам өз елінде «Ұрлық» бабы бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған.
Бір тәуліктен кейін алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстанның 33 жастағы тағы бір азаматы ұсталды. Екі күдікті де деструктивті діни ағымның өкілдері ретінде есепте тұр. Оларға қатысты тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады.