$ 442.05  474.14  4.74

4000-нан астам талапкер мемлекеттік білім грантының иегері атанды

Бұл жолы гранттардың басым бөлігі педагогикалық және инженерлік ғылымдар, сонымен қатар «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» салаларына бөлінген.
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Тағы 4000-нан астам талапкер мемлекеттік білім грантының иегері атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Министрлік мәліметінше, 4000-нан астам талапкерге республикалық конкурстық комиссияның шешімі негізінде жазғы қабылдау науқанының қорытындысы бойынша конкурстық тағайындаудан кейін қалған бос гранттар тағайындалған.

Бұл жолы гранттардың басым бөлігі педагогикалық және инженерлік ғылымдар, сонымен қатар «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» салаларына бөлінген. Білім гранты иегерлерінің тізімін сілтеме арқылы өтіп, көруге болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары