29.09.2023, 13:00

Азиада-2023: Қазақстан әйелдер құрамасы финалға шықты

Фото: Olympic.kz
Қорытынды блок Астана уақыты бойынша 17.30-да басталады.

Бүгін, 29 қыркүйекте Ханчдоудағы (ҚХР) 2023 жылғы Азия ойындарының таңғы сессиясында жүзуден іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстандық спортшылар келесідей нәтиже көрсетті:

Әйелдер арасындағы 4х100 аралас эстафетада Ксения Игнатова, Аделаида Пчелинцева, София Спдаренко және Диана Тасжанова 4:11,93 уақытпен мәреге жетті. Команда Қазақстан рекордын орнатып, алтыншы нәтижемен финалға шықты;

София Сподаренко 50 метрлік баттерфляй әдісін 26,45 көрсеткішпен аяқтап, бесінші орыннан финалға өтті; 50 метрге брасс әдісімен жүзуде сегізінші нәтижемен Арсен Қожахметов 28.40 көрсеткішпен финалға өтті; 800 метрге еркін жүзуде Диана Тасжанова 8:48.46 нәтиже көрсетті.

Қорытынды блок Астана уақыты бойынша 17.30-да басталады.