29.09.2023, 16:00

Астанада көлік аялдамаға соғылды: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

Фото: pixabay
Сондай-ақ жедел жәрдем желісі бойынша №2 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасы жарақат пунктіне жол апаты болған жерден 2018 жылы туған қыз жеткізілген.

Астанада аялдамаға көлік соғылып, 8 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: Астанада көлік адамдар тұрған аялдамаға соғылған (ВИДЕО)

Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, 8 адамның екеуі ауруханаға жатқызылған. Жалпы зардап шеккендердің жетеуі ересек адамдар. Біреуі – жасөспірім.

29 қыркүйекте "№1 көпсалалы қалалық ауруханасына жедел жәрдем желісі бойынша оқиға орнынан жеті азамат жеткізілді. Кешенді тексеру кезінде екі науқас политравма және эндопротездеу орталығына жатқызылды. Бес адам амбулаториялық емделуге және аумақтық тіркелген жері бойынша қаланың емханаларына бақылауға жіберілді, - дейді ведомстводағылар.

Сондай-ақ жедел жәрдем желісі бойынша №2 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасы жарақат пунктіне жол апаты болған жерден 2018 жылы туған қыз жеткізілген.

Травматолог, нейрохирург, жақ-бет хирургы қарады. Рентгенография мен мидың компьютерлдік тамографиясы жасалды. Гипс таңғыш салынып, амбулаториялық бақылауға ұсыныстармен жіберілді, - дейді денсаулық сақтау басқармасының мамандары.