Шымкентте қызылшамен ауырған науқастар саны артып барады, деп хабарлады Skifnews.kz OTYRAR порталына сілтеме жасап.
Көбінесе оқушылар мен балабақшадағы балалар ауырып жатыр. Десе де, дүрбелең салатындай қауіп жоқ, дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Мектептер мен балабақшаларда карантин енгізілмеді, бұған негіз жоқ. Оқу орындарының ешқайсысында жаппай инфекция тіркелмепті. Мамандардың айтуынша, науқастардың 88%-і қызылшаға қарсы егілмеген.
47 мектепте 1 жағдайдан тіркелді. 17 мектепте 2-3, ал екі мектепте ғана– 4-5 жағдайдан тіркелді. Бір сыныпта немесе балабақшаның бір тобында, мектептің, ЖОО-ның бір ауысымында 20-дан 30%-ке дейін науқас тіркелген жағдайда ғана карантин енгізіледі, - дейді Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова.