Қарағанды облысында ұшақ апатынан екі адам қаза болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
30 қыркүйек күні Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу ұшуын жасап жүрген P2002 үлгісіндегі UPLA286 ұшағы, ұшып шыққан уақыты 07.46-дан кейін байланысқа шықпады.
Іздестіру жұмыстары барысында қираған әуе кемесі және қаза болған екі адам табылды.
Көлік министрлігінің оқиғаларды тергеу департаменті аталған факті бойынша тергеуді бастады, - делінген Азаматтық авиация комитетінің мәліметінде.
Комитеттен нақтылағандай, әуе кемесі жергілікті уақытпен сағат 08.44-те Қарағанды облысының Доскей ауылынан 5 км жерде құлаған.