$ 495.2  522.34  4.94

Алматы облысында баланы ұрған имамға қатысты ҚМДБ мәлімдеме жасады

Имам өз қателігін мойындап, баланың ата-анасынан, сондай-ақ көпшіліктен кешірім сұрады.
Фото: hilal.kz
Фото: hilal.kz

Келеңсіз оқиғадан кейін Еңбекшіқазақ ауданының әкімшілік қызметкерлері, Шелек ауылының тұрғындары, дін қызметкерлері, мешіт жамағаты және баланың ата-анасының қатысуымен арнайы кездесу өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жиында "Хидаят" мешітінің имамы өз қателігін мойындап, баланың ата-анасынан, сондай-ақ көпшіліктен кешірім сұрады. Баланың заңды өкілдері имамның кешірімін қабыл алып, екі тарап өзара бітімге келді. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл оқиғадан тиісті қорытынды шығарды және өрескел әрекетке жол берген дін қызметкеріне шара қолданды. Бас мүфтидің бұйрығымен "Хидаят" мешітінің имамы жұмыстан шығарылды. Алдағы уақытта осындай келеңсіз оқиғалар орын алмас үшін, өзге имамдармен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, дедә ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкілдігі.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары