$ 495.2  522.34  4.94

Студентті ұрған павлодарлық педагог қызметінен кетті

Педагогтың бұл мінез-құлқы барлық көрсетілген нормаларға қайшы келеді.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Балалар құқығын қорғау комитеті Павлодар облысы педагогының колледж студентіне қол көтеру фактісіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Павлодар колледжінде мұғалімнің студентке қол көтеру фактісі орын алды. Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде жарияланып, қоғамда кеңінен талқыға түсті. Балалар құқығын қорғау комитеті қатысушыларға тәрбиелеудің мұндай әдістерін қолдануға жол бермеу керек деп есептейді. Білім беру мекемелері балаларды қауіпсіз және сенімді оқыту орны болуы тиіс, - делінген комитет мәліметінде.

Ресми ақпаратта айтылғандай, кез келген қоғамда баланың білім алуына құқығы мен қауіпсіздігі ең жоғары басымдық болуы тиіс.

Педагогтың бұл мінез-құлқы барлық көрсетілген нормаларға қайшы келеді. Қазіргі уақытта бұндай қателікке жол берген мұғалім жұмыстан босатылды. Балалар құқығын қорғау комитеті білім беру мекемелерінде балалардың құқықтары мен қауіпсіздігінің сақталуын қадағалап, олардың мүдделерін қорғау жөнінде тиісті шаралар қабылдамақ, – деді комитеттен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары