$ 494.87  520.65  4.91

Қазақ қыздары түрік актерімен суретке түсу үшін төбелесіп қалды

Мынау қыздар неткен жабайы еді, бастары кетіп қалған ба.
Фото: Ulysmedia.kz
Фото: Ulysmedia.kz

Желіде Алматыда түрік актері Бурак Өзчивиттің жанкүйерлерінің атақты адаммен суретке түсу үшін төбелесіп қалғаны, тіпті әлдекімнің бекерден-бекер таяқ жеп қала жаздағаны туралы видео пайда болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ulysmedia.kz мәліметінше, Фан-кездесу кезінде қыздар актер тұрған сахнаны қоршап алған.

Өзчивитте бөлмеден шығуға тырысқанда да қиындықтар болды, қыздар актердің көлікке жетуіне мүмкіндік бермей, төбелес шығарды.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл әрекетті айыптады.

Мынау қыздар неткен жабайы еді, бастары кетіп қалған ба. Адамдардың өзін бұлай ұстауы ұят. «Парфюмерия» фильміндегідей болыпты, олар оны жұлып алар еді.

Жанкүйерлер емес, ұйымдастырушылар кінәлі!

Байғұс актер шок болса керек.

Менің ойымша, Бурак мұндай ілтипатқа үйреніп қалған, бірақ сен Қазақстанның бет-бейнесісің! 

Мен бұл әрекет үшін ұялдым, - деп жазады азаматтар.

Бурак Өзчивит Малкочоғлу Бали Бей рөлін сомдаған «Керемет ғасыр» телехикаясынан кейін танымал болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары