30.09.2023, 21:30

Жамбыл облысында әскери полигонда үш офицер жарақат алды

фото:nikolabelopitov
Офицерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Жамбыл облысында әскери полигонда ұлттық ұланның үш офицері жарақат алды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, 25 қыркүйекте жауынгерлік дайындық жоспары бойынша "Айша-Бибі" полигонында оқу-жаттығулар өткен. Сол кезде ұлттық ұланның қызметкерлері оқ атқан.

"Қауіпсіздік шараларын бұзудың нәтижесінде үш офицер аяғынан жеңіл жарақат алды. Әскери қызметшілер Тараз қаласының емдеу мекемесіне жеткізілді", - делінген ресми хабарламада.

Офицерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Осы оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тексеріс басталды.