01.10.2023, 01:30

Тұман және үсік: жексенбі ауа райы қандай болады

Фото: pixabay.com
Ақмола облысында аздап жаңбыр жауады.

1 қазанда еліміздің басым бөлігінде тұман түседі. Жоғары өрт қаупі де сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

1 қазанда түнде және таңертең тұман күтілетін жерлер:

· Қарағанды облысының солтүстігі;

· Ақмола облысының батысы, солтүстігі мен шығысы;

· Маңғыстау облысының батысы мен орталығы;

· Түркістан облысының таулары;

· Павлодар облысының батысы;

· Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысы;

· Қостанай облысының солтүстігі мен шығысы.

Бұдан бөлек, Қарағанды облысының оңтүстігінде екпіні 18 м/с жел соғады деген болжам бар. Түнде облыстың солтүстігінде және шығысында 3 градустық үсік күтіледі. Солтүстік Қазақстанда термометр бағанасы 1 градусқа дейін түседі, үсік болады. Ал облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Сол сияқты Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, Түркістан облысының басым бөлігінде және Шымкент жақта төтенше өрт қаупі болады.

Ақмола облысында аздап жаңбыр жауады, түнде +3+8, күндіз +11+16 градус.

Қарағанды облысында жауын-шашынсыз, түнде +10+15, күндіз +21+26;

Абай облысында күн құбылмалы, түнде +2+4, күндіз +13+15;

Алматы облысында жауын-шашынсыз, түнде +8+10, күндіз +20+22;

Ақтөбе облысында құбылмалы, түнде +6+8, күндіз +18+20;

Атырау облысында күн ашық, түнде +8+10, күндіз +22+24;

Шығыс Қазасқтан облысында жаңбыр жауады, түнде +5+7, күндіз +13+15;

Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, түнде +9+11, күндіз +24+26;

Жетісу облысында көшпелі бұлт, түнде +6+8, күндіз +22+24;

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, түнде +5+7, күндіз +20+22;

Қостанай облысында түнде +5+7, күндіз +13+15;

Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, түнде +11+13, күндіз +23+25;

Маңғыстау облысында күн ашық, түнде +12+14, күндіз +23+25;

Павлодар облысында түнде +4+6, күндіз +14+16;

Солтүстік Қазақстан облысында күн кұбылмалы, түнде +5+7, күндіз +13+15;

Түркістан облысында жауын-шашынсыз, түнде +8+10, күндіз +22+24;

Ұлытау облысында бұлтты, түнде +8+10, күндіз +18+20;

Астанада күн құбылмалы, арасында жаңбыр жауып тұрады, тұман болады, түнде +6+8, күндіз +14+16.