$ 487.37  532.94  5.09

Астанада көлік аялдамаға соғылып, 8 адам зардап шекті: жүргізуші қамауға алынды

Анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Астанада аялдамада тұрған 8 адамды қаққан көлік жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама жасалады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді полицейлер.

Естеріңізге сала сетсек, 29 қыркүйекте Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі жолда апаттық жағдай жасап, салдарынан сол бағытта келе жатқан Mazda көлігі жоғары жылдамдықпен аялдамаға соғылды. 8 адам зардап шекті, оның ішінде бес жасар бала бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары