Қазақстан құрамасы бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан 2022 жылғы Азия ойындарында бесінші күміс жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бекәділ Шаймерденов Қазақстанға күміс жүлдесін әкелді. Ол кураштан финалға шықты. 81 келіге дейінгі салмақ санатындағы шешуші белдесуінде қазақстандық спортшы Өзбекстан спортшысы Умид Есановпен кездескен болатын. Шаймерденов қарсыласын 10:0 есебі бойынша басымдықпен жеңген. Ол кураштан екінші орынға ие болды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір 28 медаль бар. Спортшыларымыз үш алтын, бес күміс және 20 қола медаль жеңіп алды.
Қазақстан медаль жиынтығы бойынша 11-орында.