$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін – белгілі антрополог-ғалым Оразақ Смағұлдың туған күні

Ол Қостанай облысы Меңдіқара ауданында туған.
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Бүгін қазақ антропология ғылымының негізін қалаушы, ғалым-антрополог Оразақ Смағұлдың туған күні, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ғалым бүгін 93 жасқа толды. 

Қостанай облысы Меңдіқара ауданында туған. Қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ды бітірген.

Еңбек жолы: 1959-1961 жылдары КСРО ҒА Этнография институтының аспиранты, 1961 жылдан Қазақстан ҒА Тарих, археология және этнография институтының ғылыми қызметкері болды. Олардың ұйымдастыруымен 36 экспедициялық және далалық зерттеулер жүзеге асырылды. Оның ішінде үнді-кеңес (1974-1975), қазақ-моңғол (1991-1992) және қазақ-италия (1993-1994, 2002-2004), т.б. антропологиялық экспедицияларында болды.

Қазақстан мен Қырғызстанның биік таулы аймақтарына бейімделу мәселелерін аймақтың этноүрдістерімен байланыстыра зерттейтін халықаралық ғылыми жобаға жетекшілік етті. 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның 20-ға жуығы АҚШ, Жапония, Қытай, Үндістан, Түркия, Италия, Германия, Франция, Дания, т.б. шет елдерде жарық көрді. Еңбектерінде қазақтардың генофондының біркелкілігі, 4 мыңжылдық тарихы жайлы ғылыми пікірлер тұжырымдалды.

Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері (1990). ҚР ғылым мен техникаға еңбегі сіңген қайраткері (1998). «Құрмет» орденімен (2012) және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік төсбелгімен (2011) марапатталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары