Жамбыл облысы «Айша бибі» полигонындағы оқу-жаттығу кезінде снаряд жарылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ұлттық ұланның үш офицері жарақат алды. Мұны Ұлттық гвардия баспасөз қызметі растады.
Олардың хабарлауынша, офицерлер аяғынан жарақаттанған, қазір Тараз қаласында ауруханада жатыр, деп жазды Qazaqstan телеарнасы.
Қазіргі таңда 3 офицердің де жағдайы жақсы. Біреуі шығып, Шымкент қаласында үйінде. 2 офицер Тараз қаласында ауруханада. Жағдайы жақсы. Денелеріне, басына тимеген. Аяқтарында орны бар, - дейді 65/06 әскери бөлімі командирінің орынбасары Ернар Әшірбеков