Salem Social Media-мен бірлесіп жасалған 12 сериялы «Qarga» қылмыстық драмасы TV+ платформасында күзгі маусымда нағыз хитқа айналды. Телехикаяның сюжеті балалар үйінің тәрбиеленушісі Қанат төңірегінде өрбиді, ол жастайынан түрмеге түсіп, есейіп шыққан соң бала күнінде көрген тауқіметі үшін кек алуды аңсайды.
Бастапқы сериялар көрерменді кейіпкердің қиын балалық шағымен таныстырады, балалар үйі директорының ашкөздігі мен тағы басқа жәйттер қосылып, қайғылы жағдай орын алады. Есейген соң, Қанат балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілерінің басын қосып, өз өміріне балта шапты деп санайтын адамдардан өшін алуды жоспарлайды. Жобаның алғашқы 5 сериясы 31 тамызда жарық көріп, бірден көрермен назарын өзіне аударды. Бұған дейін биыл мамырда көрермендер екі компанияның бірлесіп істеген жұмысының нәтижесін көрген болатын – «Қара аула» телехикаясы Youtube қолданушылары арасында да, ағындық платформада да көрсетілім бойынша топ жарып суырылып алға шыққан еді.
«Біз қазақстандық өнімдердің аудиториямыздың көңілінен шығып жатқанына өте қуаныштымыз», - дейді «Қазақтелеком» АҚ бөлшек бизнес дивизионының өнімдерді дамыту және енгізу департаментінің директоры Дакиш Жағыпаров. - Көрермен сапалы контент үшін ақы төлеуге, әрі өзін таныта білген медиа брендке баруға дайын. Мысалы, «Qarga» сериясының барлық көрермендерінің 40% астамы – платформаға алғаш рет жазылуды ұйғарған жаңа пайдаланушылар. Біз сериалдан басқа, олар өздеріне қызықты көптеген материал тапқанына қуаныштымыз, өйткені әр тарифте телевизия мен кинотеатр секілді бірден бірнеше қызмет бар».
Айта кетерлік жәйт, «Qarga» телетоптамасы алдыңғы туындылар сияқты жаңа эпизодты апта сайын шығарып, көрерменді зарықтырып күттіріп қоюдың орнына серияларды топ-топтап бірнешеуін бірден жүктеп қойды. Қазіргі уақытта платформада 12 серияның 10-ы бар.
Айтпақшы, көрермендерге ыңғайлы болу үшін Salem social media жобалары қыркүйек айынан бері TV+ платформасында «Salem» жеке бөліміне шығарылды, онда жаңалықтардан басқа, пайдаланушылардың көзайымына айналған – «5:32», «Сержан Братан» және «Ойыншы» туындылары орналастырылған. Айға жетер-жетпес уақыт ішінде «Salem» бөлімі сервиске енгізілген «Амедиатека», «Megogo» және «Start»сияқты танымал театрлардың арасында көшбасшы болды. Сонымен, қыркүйек айында әрбір үшінші пайдаланушы «Salem» кинотеатрындағы туындыларды тамашалау үшін платформаға кірген, салыстыру үшін айтсақ түпнұсқа контент іске қосылмай тұрып кинотеатр қызметін пайдаланатын көрермен үлесі 20%-нан аспайтын. Сериалдың көптен күткен жалғасы, кезекті бес серия 28 қыркүйекте шықты.
«Платформаға жүктелген сәттен бастап 10 сағат ішінде сериалды 23 мыңнан астам абонент тамашалап үлгерді, оның 77% смартфоннан көрген, - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ бөлшек бизнес дивизионының Бас директоры Игорь Погребицкий. - Бүгінде ұялы телефон – өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған, әрі біздің қызмет үлкен экрандағыдай смартфонда да толық көлемде қол жетімді, бұл пайдаланушылар үшін үлкен плюс. Сонымен қатар, сіз «Қазақтелекомның» ұялы байланыс пайдаланушысы болсаңыз, онда сіз үшін TV+ платформасындағы туындыларды қарау кезінде тегін мобильді трафик жұмыс істейді».
Естеріңізге сала кетейік, «Qarga» сериалы толығымен қазақ тілінде түсірілген, бұл қылмыстық драма сияқты жанрдағы картиналарға тән емес. Ал басты кейіпкерді сомдайтын актерлерге рөл үшін сыртқы келбетін түбегейлі өзгертуге тура келді – Шәріп шашын тақырлап алып тастаса, Абылай шашын сарыға бояп, бір көзін зағип етіп көрсету үшін линза киді. Жобаның ақтық сериясы келесі аптада шығады, соңғы 2 серия 5 қазанда жарияланбақ. Ал 11 қазанда жаңа премьера - қатерлі ісікке қарсы күрес және отбасылық қатынастар сияқты күрделі мәселелерді қозғайтын «Шеше» эксклюзивті драмалық телехикаясының тұсауы кесіледі.
«Қазақтелеком» АҚ
Коммуникациялар департаменті