$ 442.05  474.14  4.74

Астанада жас жұбайлар ойын-сауық орындарында есірткі таратқан (ВИДЕО)

Елордалық полицейлер жыл басынан бері 750 есірткі қылмысын анықтап, салмағы 262 келі болатын есірткі тәркілеген.

Елордада жас жұбайлар ойын-сауық орындарында есірткі таратқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полициядан мәлім еткендей, «Қарасора – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында елордалық полицейлер ойын-сауық орындарына есірткі жеткізумен айналысқан жас жұбайларды анықтаған. Астана тұрғынына тиесілі Mercedes-Benz автокөлігін тінту барысында салмағы 200 грамнан асатын мефедрон есірткі заты салынған қағаз қапшық, орауыш ыдыстар мен есірткі заттарын қаптауға арналған құрылғылар тәркіленген.

Одан әрі ерлі-зайыптылардың Бектұров көшесіндегі тұрғылықты жерін тінту кезінде ас үй шкафынан салмағы 350 грамнан астам мефедрон есірткісі бар сөмке табылған. Тәркіленген синтетикалық мефедронның жалпы салмағы 558 грамм немесе шамамен 2 мыңнан астам бір реттік дозаны құрайтын болған.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Есірткі сатушылардың бірі Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Елордалық полицейлер жыл басынан бері 750 есірткі қылмысын анықтап, салмағы 262 келі болатын есірткі тәркілеген. Оның 43 келісі «синтетика» болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары