Абай облысындағы орманшылар 15 адамның өмірін жалмаған алапат орман өртінен кейін ескі техника берілгенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
31-телеарнаның мәліметінше, Успен орманшылығының қызметкерлері басшылықтың жұмыс барысында қолдану үшін осыдан 49 жыл бұрын шығарылған өрт сөндіру техникасын бергенін айтып, шағымданды. Әбден тозығы жеткен техниканың жүргеніне қарағанда гаражда тұрғаны көп. Сондықтан оны бірден утильге жіберген жөн дейді орманшылар.
Дегенмен «Семей орманы» табиғи резерватының басшылығы бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. Олардың айтуынша, ескі техниканы орман шаруашылығына 31 шілде күні берген, яғни қызыл жалынның кесірінен қолданыстағы техникалар жанып кеткенде ескі техниканы өрт сөніруге жіберуге мәжбүр болдық деп отыр.
Ал алапат орман өртін сөндіру кезінде «Семей орманы» мекемесінің бес бірлік техникасы жарамсыз болып қалған екен. Енді олардың орнын толтыру үшін және орманшыларға жаңа өрт сөндіру техникасын алу үшін бюджеттен 1 жарым миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Техникаларды кезегімен жаңартып жатырмыз дейді.
Сонымен қатар шілде айында DOS CAR компаниясы JAC-6T маркалы 2 жоғары өтімді автокөліктің кілттерін табыстады. Аталғандардан бөлек қыркүйек айында «АҚ ЕРТІС» қоғамдық қорынан облыс әкімі Н. Т. Уранхаевтың қолдауымен тағы тағы басқа жабдықтармен қамтамасыз етілді, жеткізілді, - деді «Семей орманы» МОТР» РММ бас директоры орынбасарының уақытша міндетін атқарушы Төлеген Галлямов.