$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін елімізде күн райы қалай құбылады

Республика бойынша тұман күтіледі, елдің оңтүстігі мен батысында екпінді жел соғады.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 3 қазанға арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің солтүстік және оңтүстік облыстарына антициклон сілемінің ықпалы болады, онымен ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанды.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның оңтүстік-шығысында, шығысында, орталығында және батысында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республика бойынша тұман күтіледі, елдің оңтүстігі мен батысында екпінді жел соғады, деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Желдің екпіні 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +2+4°C, топырақ бетінде 1 градус аяз, күндіз +13+15°C.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауады. Шығыстан соғатын желдің екпіні 2-7 м/с болады. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +19+21°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 8-13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +23+25°С.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары