$ 494.87  520.65  4.91

Қытайда «Кока-Кола» сантехникалық құрал деп танылғаны рас па?

Содан бері ол желіде мезгіл-мезгіл талқыланып, қызу пікірталас тудырып жатыр.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Қытайда танымал "Кока-кола" газдалған сусыны ресми түрде сантехникалық сұйықтықтар санатына ауыстырылатыны туралы жаңалықтарға қатысты пікірлерін жазып жатыр. Желідегілер бұл сусынды ішпей тұрып жақсылап ойлануға кеңес берген. Алайда бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қытай тілінде "Кока-кола", "Қытай" және "сантехника" кілт сөздерімен іздеу еш нәтиже бермеді. Бірде-бір ірі қытайлық БАҚ-та немесе ресми сайтта мұндай ақпарат шықпаған. Ал осы сөздерді орысша жазып көргенде, бұл жаңалықтың бастапқы көзі тез табылды, деп жазады massaget.kz.

Бұл - "Панорама" сатиралық порталынан тараған ақпарат. Бұл портал шынайы жаңалықтарды жылына бір рет - 1 сәуірде жариялайды. Дәл осы ақпарат 2018 жылғы 25 тамызда шыққан, яғни бұл - әзіл.

Осыған қарамастан, кейбір бұқаралық ақпарат құралдары сатиралық порталға сеніп, жаңалықты шынайы деп таратқан. Содан бері ол желіде мезгіл-мезгіл талқыланып, қызу пікірталас тудырып жатыр. Мәселен, хабарлама 2018 жылы, содан кейін 2019 жылы талқыланған, енді 2023 жылы тағы да адамдардың назарын аударды.

Олай болса, Қытайда "Кока-кола" сантехникалық сұйықтықтар санатына енгізілгені туралы ақпарат - Желі қолданушылары бес жылдан бері шындық деп келген әзіл.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары