Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 3 қазанға арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің солтүстік және оңтүстік облыстарына антициклон сілемінің ықпалы болады, онымен ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанды.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның оңтүстік-шығысында, шығысында, орталығында және батысында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Республика бойынша тұман күтіледі, елдің оңтүстігі мен батысында екпінді жел соғады, деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК.Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Желдің екпіні 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +2+4°C, топырақ бетінде 1 градус аяз, күндіз +13+15°C.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауады. Шығыстан соғатын желдің екпіні 2-7 м/с болады. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +19+21°С.
Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 8-13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +23+25°С.