$ 494.87  520.65  4.91

«Халықтың өмірі - күнкөріс»: Уәлихан Қайсаров (ВИДЕО)

Жастар сыбайлас жемқорлықтың кесірінен өз елінен өзінің болашағын көре алмай жүр.

Саясаткер Уәлихан Қайсаров Qasqa Jol Youtube арнасына сұхбат беріп, еліміздегі қазіргі жағдайға шолу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Саясаткердің айтуынша, халықтың өмір сүру деңгейі төмендеп кеткен. Соның салдарынан жастардың көбі ақша табу үшін шетел асуға мәжбүр. Аз жалақыға күн көру мен жемқорлықтың кесірі бизнестің дамуына едәуір тосқауыл.

Президенттің өзі атап өткендей, 1 800 000 адам, яғни жұмысқа қабілетті адамдардың 25%-ы 70 000 теңге жалақы алып отыр. Өз пәтерімде қыста коммуналдық ақы 45 000 теңгеге дейін барады. Денсаулығы нашар адамдарға дәрігерге бару керек, дәрі дәрімек алу керек. Осы сияқты қосымша шығындар көп. Сондықтан халықтың өмірі - күнкөріс. Қазақстанда бизнестің дамымауының бірінші себебі осы. Екінші себебі - сыбайлас жемқорлық. Еңбекке қабілетті жастардың көбі осының салдарынан шетел асуда. Соңғы статистика бойынша қазақтардың көбі Оңтүстік Кореяға, Түркияға, тіпті Қытайға да аттанып жатыр. Осының бәрі экономикаға байланысты, бәрі жақсы болғанда олар елде қалатын еді. Жастар сыбайлас жемқорлықтың кесірінен өз елінен өзінің болашағын көре алмай жүр.

Сондай-ақ, саясаткер елдегі байлықтың, яғни мұнай мен көмірдің және бағалы металдардың егесі қазақ халқы емес, шетелдік компаниялар екенін ашып айтты. Мысал ретінде ең көп көмір өндіретін Қарағанды аймағы бүгінде қара алтынды Ресейден сатып алып отырғанын келтірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары