Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева - Азия ойындарының күміс жүлдегерлері атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram-каналы жазды.
Байдаркада және каноэде ескек есуден жұптық сайыста қазақстандық спортшылар 200 м қашықтықты 46 секундта бағындырып, 2-ші келді.