Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев Алматыдағы ақылы мектепте зорлық көрген бала туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқи отырыңыз: Алматыда 1-сынып оқушысы зорланған (ВИДЕО)
Бұл жерде мен сізге жалғыз дүние айта алам. Аталмыш жайт оқиғалардың бірыңғай жүйесіне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір тергеу барысына пікір білдіріп, оның қорытындысын алдын ала кесіп айта алмаймын. Қылмыстық-процессуалдық заң тергеу барысындағы мәліметтерге пікір білдіруге тыйым салады. Сондықтан тергеудің аяқталуын күтейік. Не болғанын сол кезде түсінеміз, - деді вице-министр Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
ІІМ өкілі бүгінгі таңда оқиға бойынша күдікті анықталмағанын айтады.
Әзірге ондай (күдікті туралы - ред.) мәлімет жоқ. Тергеу, қажетті шаралар жүріп жатыр. Сараптама тағайындалған. Бейнекамераларды қарап, қажетті сараптаманың бәрі жасалып жатыр, - деді вице-министр.