03.10.2023, 15:40

Азиада-2023: Данил Мұсабаев күміс жүлдегер атанды

Фото: olympic.kz
Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Данил Мұсабаев 57.270 ұпай жинады.

Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық спортшы Данил Мұсабаев батуттық гимнастикада жекелей сында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Данил Мұсабаев 57.270 ұпай жинады.

Бірінші орынды қытайлық Ян Лангю (59.850), үшінші орынды Жапониядан келген Хирото Ямада (57.100) иеленді.

Пирмаммад Алиев жетінші орын алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында 44 медаль бар (бес алтын, он күміс және 29 қола).