04.10.2023, 07:30

Бүгін ауа райы қандай болады?

Фото: Sputnik/Владислав Воднев
Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз.

Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 4 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, Қазақстан Республикасы аумағының басым бөлігіне антициклон әсер етеді, соның әсерінен күн райы жауын-шашынсыз болады деп болжанды.

Синоптиктердің болжамынша, тек батыста және солтүстік-батыста жаңбыр жауады, ал шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Республика бойынша тұман түсіп, елдің солтүстігінде, оңтүстігінде және батысында екпінді жел соғады.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3°C, топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді, күндіз +15+17°C.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +20+22°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +24+26°С.