$ 443.35  475.54  4.82

Алматы тұрғыны 3 жасар қызды зорлады деген күдікпен ұсталды

Күдікті 40 жаста.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматы облысында кішкентай қызды зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта анасымен бірге тұратын ер адам 3 жасар қызды зорлағаны айтылды.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 3 қазан күні Балқаш ауданының жергілікті тұрғын полиция бөліміне жүгініп, кішкентай қызына ауылдасы сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағаны туралы айтқан.

Қылмысты ашу және қылмыскерді ұстау үшін дереу облыстық және аудандық полиция қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылған. Жедел қызметкерлер қылмыс жасады деген күдікпен 40 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі және 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (жас баланы зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер). Қазіргі уақытта сараптама талдауларын белгілеумен қатар, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, бұл қылмыстық фактіні шешуде оның толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз етеді. Істі тергеу менің ерекше бақылауымда», – деді Алматы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары