$ 441.66  475.14  4.86

Бокс федерациясы Шымбергеновтің жекпе-жегіне қатысты ХОК төрешісіне талап қоятын болды

Айта кетейік, Асланбек Шымбергенов Азия ойындарының жартылай финалында төрешілер шешімімен жапониялық Севон Оказавадан жеңіліп, қола медаль еншіледі.
Фото: facebook/Кенес Ракишев
Фото: facebook/Кенес Ракишев

Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарында қола медаль алған Асланбек Шымбергеновтің соңғы жекпе-жегіне қатысты Халықаралық олимпиада комитетіне ресми жүгініп, наразылық білдіретін болды. Бұл туралы ҚБФ президенті Кеңес Рақышев өзінің facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Төрешілердің Азия ойындары тарихындағы ең әділетсіз шешімі. Құрметті жанкүйерлер, әлем чемпионы, Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергеновтың жартылай финал кездесуінде төрешілердің өте әділетсіз шешіміне қатысты өрескел оқиға орын алды. Шымбергенов бүкіл жекпе-жек бойы жапониялық Севон Оказаваны соққының астына алды. Жұдырықтары қарсыласқа дәл тиіп жатты. Барлық жағынан мықтырақ әрі басым болды. Бірақ олар Шымбергеновтың қарсыласының қолын көтерді… Халықаралық олимпиада комитеті IBA-дағы төрешілікке әрдайым шағым білдіріп келген еді, бірақ Ханчжоудағы Азия ойындарының жартылай финалында болған оқиға тым шектен шығып кетті, - деп атап өтті Кеңес Рақышев. 

Сондай-ақ ол өз жазбасында Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындары бойынша ХОК төрешісіне өз талаптарын ресми түрде білдіруге шешім қабылдағанын айтты.

Бұл ретте турнирдің ең мықты боксшылары біздің былғары қолғап шеберлерімен бірдей жеребеге түсуі, жалпы жеребенің өткізілу реті, төрешілердің жұмысына сұрақтар туындатты. Ал жергілікті боксшыларға «қызыл кілем» төселді… ХОК қамқорлығындағы турнирлерде төрешілер шешіміне наразылық пен шағым беруге болмайды. Қазақстан — бокс державасы, бокстың көшбасшысы ретінде рингтегі мұндай әділетсіздік фактілерімен келісе алмайды. Мен өз тарапымнан Асланбек Шымбергеновке жеке қолдау білдіремін! Мұндай фактілер капитанымызды сындырмайды, еңсесін түсірмейді деп сенемін және ол бокстан ең маңызды халықаралық турнирлерде Қазақстан Туын биікте желбіретеді деп ойлаймын, - деді Кеңес Рақышев. 

Еске салсақ, бүгін Асланбек Шымбергенов Азия ойындарының жартылай финалында төрешілер шешімімен жапониялық Севон Оказавадан жеңіліп, қола медаль еншіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары