$ 494.87  520.65  4.91

Неміс мамандары қазақ фермерлеріне сүт өндіруді үйретеді

Тәжірибе жұмысы сиырлардың өнімділігін арттыруға, жем-шөпке талдау жүргізуге, фермадағы жұмыс хаттамасын құруға және орындауға бағытталған.
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Сүт өндіру саласындағы біліктілікті арттыру шарасы Алматы облысындағы "Байсерке Агро" оқу-ғылыми-өндірістік орталығының базасында өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға жасаған сапары барысында үшжақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп жазады zakon.kz.

GFA Consulting Group GmbH (Германия), Қазақ агротехникалық университеті және "Бейсерке Агро" холдингі арасында мал шаруашылығы саласында жұмысшыларды даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойылды. Келісім аясында сүт өндірушілерге арналған консультациялық-оқыту орталығы ашылады. Жобаның бастамашысы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, - деді ведомствода.

Фермерлер мен ауыл шаруашылығы қызметкерлерін оқыту үшін агрохолдинг инфрақұрылымды 30 орындық дайын жатақханамен, асханамен, теориялық кабинеттермен, тәжірибе дағдыларын меңгеру үшін сауынның заманауи түрлері бар сүт фермасымен қамтамасыз етеді.

Дәл осындай орталық қазірдің өзінде еліміздің солтүстігінде жұмыс істейді. Онда Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 16 тәжірибелік шаруашылықтың мамандары білім алып жатыр. Тәжірибе жұмысы сиырлардың өнімділігін арттыруға, жем-шөпке талдау жүргізуге, фермадағы жұмыс хаттамасын құруға және орындауға бағытталған.

Бір күн бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Шелл концернінің 30 жылдығына арналған мерекелік шараға қатысты.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары