$ 495.2  522.34  4.94

Енді еліміздегі колледж студенттері онлайн оқуы мүмкін

Аймағамбетов комитеті тиісті қорытындыны әзірлеуге дайын екенін жеткізді.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар осы мәселеге қатысты заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірлейді, деп жазды BAQ.KZ.

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов заң жобасының негізгі мақсатын түсіндірді.

Заң жобасын Оқу-ағарту министрлігі дайындаған. Жоба үш мәселені қамтиды.

Біріншіден, колледждер үшін онлайн оқу мүмкіндігін беру. Екіншіден, қосымша білім беру ұйымдарын хабарлама беру рәсімдері арқылы ашу. Үшіншіден, жетімдерді қолдау үшін кәсіби отбасы институтын енгізу, - деді депутат.

Аймағамбетов комитеті тиісті қорытындыны әзірлеуге дайын екенін жеткізді.

Мәжіліс депутаттары ұсынылған мәселеге қатысты қаулыға дауыс беріп, оң нәтиже шығарды. Қатысып отырған 91 депутаттың барлығы жақтап, дауыс берді.

Сонымен бірге Мәжіліс басқа да үш заң жобасын жұмысқа алды.

Олар:

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде.
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары