04.10.2023, 12:00

Астана тұрғыны терезеден құлап, мерт болды

Фото: t.me/myastanacity/видео кадры
Қалалық Полиция департаменті оқиғаны растады.

Астанада қыз тұрғын үй кешендерінің бірінің балконынан құлап, мерт болды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға туралы ақпарат Telegram-арналардың бірінде пайда болды.

Қалалық Полиция департаменті оқиғаны растады. Құқық қорғау органдары мәліметінше, оқиға Тұран даңғылында болған.

Елордалық полицейлер Тұран даңғылындағы тұрғын үй кешенінің балконынан құлап кеткен қызға қатысты тергеуді бастады. Кешенді тергеу-жедел шаралары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деді ПД баспасөз қызметі тілшіге.

Дереккөз: Tengrinews.kz