$ 443.37  474.49  4.83

Президент газ жылу стансаларын кезең-кезеңмен пайдалануға беруді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев елорда халқының саны жылдан-жылға көбейіп келе жатқанына байланысты қосымша су көздерімен қамтамасыз ету жолдарын іздеу қажеттігіне назар аударды.
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президент «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станцияларының, сорғы-сүзгі станциясының және үшінші ЖЭО-ның құрылыс жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Президент газ жылу станцияларын кезең-кезеңмен пайдалануға беруді тапсырды

Ең алдымен, жобалардың сапасы жоғары болуға тиіс. Біз оны қадағалаймыз. Мұндай жобалар қалаға өте қажет. Мен бұл жерге осы мақсатпен келдім. Әр қалада үш негізгі мәселе бар. Олар – жылу, жарық және су. Тұрғындар бұл қажеттіліктермен міндетті түрде қамтамасыз етілуі керек. Оның үстіне, сөз елорда туралы болып отыр. Ешқандай кідіріс болмауға тиіс. Бұл, түптеп келгенде, біздің мемлекетіміздің беделі мен имиджіне қатысты мәселе. Сондықтан аталған мәселені бәріміз жұмылып, міндетті түрде толық шешуіміз қажет, – деді Мемлекет басшысы. 

Жеңіс Қасымбек Президентке Астана су қоймасынан тартылатын су құбырының және сорғы-сүзгі станциясының іске қосылуы жөнінде айтты.

Оның мәліметі бойынша биылғы қарашада Нұра жерасты су көзінен қуаты 48 мың текше метр болатын су құбырын тарту, сондай-ақ «Тельман» сорғы станциясының қуатын күніне 160 мың текше метрге дейін жеткізу жөніндегі жобалау жұмыстары аяқталады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев елорда халқының саны жылдан-жылға көбейіп келе жатқанына байланысты қосымша су көздерімен қамтамасыз ету жолдарын іздеу қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ қаладағы жаңа жылу нысандарының құрылысын уақтылы аяқтауды тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары