04.10.2023, 15:40

Боксшы Асланбек Шымбергеновке автокөлік сыйлыққа беріледі

Фото: olympic.kz
Асланбек Шымбергенов – қазақтың нағыз батыры.

Асланбек Шымбергеновке ҚБФ басшысының атынан автокөлік сыйлыққа беріледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқи отырыңыз: Бокс федерациясы Шымбергеновтің жекпе-жегіне қатысты ХОК төрешісіне талап қоятын болды

Халқымыз өз боксшыларын қолдайды! Бұл үшін сіздерге көп рахмет! Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев барлық қазақстандықтармен берге өз чемпионына қолдау көрсетеді. Елге оралған соң Асланбек Шымбергеновке ҚБФ басшысының атынан автокөлік сыйлыққа беріледі. Асланбек Шымбергенов – қазақтың нағыз батыры, - делінген ҚБФ хабарламасында.