04.10.2023, 17:20

Азиада-2023: Грек-рим күресінен ел қоржынына күміс медаль түсті

Фото: United World Wrestling
Бұл Қазақстан құрамасының он бірінші күміс медалі.

Мейіржан Шермаханбет - Грек-рим күресінен Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Грек-рим стиліндегі қазақстандық палуан Мейіржан Шермаханбет Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды. 

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда біздің отандасымыз тартысқа толы бәсекеде жапондық Катсуаки Эндодан есе жіберді. 

Айта кету керек, бұл XIX жазғы Азия ойындарындағы Қазақстан құрамасының он бірінші күміс медалі.