04.10.2023, 17:40

Азаматтардың жеке дерегін таратқаны үшін айыппұл көлемі үш есе өсуі мүмкін

Фото: © Sputnik / Владислав Воднев
Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді.

Қазақстандықтардың жеке деректерін таратқаны үшін айыппұл мөлшерi енді үш есе өсуі мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді, деп жазды Azattyq Ruhy.

​Бiз жеке деректердің таралып кету қаупін барынша азайтуды ескере отырып, азаматтардың жеке деректерінің таралып кетуі бойынша жауапкершілікті күшейту бағытында ауқымды жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жеке деректер тараған кезде азаматтарды бұл туралы «Электрондық үкімет» порталы және 1414 смс-хабарлама арқылы хабардар ету көзделуде,- деп атап өтті Руслан Әбдіқалықов.

Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша журналистерге арналған workshop оқыту семинары барысында сарапшылар жеке деректерді қорғау, ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және т.б. сияқты киберқауіпсіздікке қатысты көптеген мәселе бар екенін атап өтті. Сондай-ақ үнемі өзгеріп отыратын ақпараттық кеңicтiкте мәлiметтердi қорғауға байланысты өзекті мәселелер қаралды.

Біз Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне түзету енгізу арқылы жеке деректерді қорғау саласындағы заңбұзушылықтар үшін жазаны күшейту саласындағы заңнаманы жақсарту бойынша маңызды қадамдарды жасадық, - дедi Асхат Оразбек.