$ 495.2  522.34  4.94

Семейде «елес қыз» ұсталды

Сот қаулысымен қыз кінәлі деп танылды.
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Қаланың жерасты өткелдерінің бірінде 22 жастағы Семей тұрғыны «елес» костюмін киіп алып, қала тұрғындарын қорқытқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Polisia.kz мәліметінше,  полицейлер қоғамдық жерде қала тұрғындарының тыныштығын бұзып, өтіп бара жатқан адамдарды қорқытқан құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол 22 жастағы семейлік бойжеткен болып шықты. 

Оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша материал жиналды.

Сот қаулысымен қыз кінәлі деп танылып, 69 000 теңге айыппұл салынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары