05.10.2023, 14:20

Азиада-2023: Қазақстан қоржынына алтыншы алтын медаль түсті

Фото: Olympic.kz
Жеке жарыста чемпион Алексей Луценко күміс медаль әкелді.

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында еліміздің спортшылары велошосстағы топтық жарыста алғашқы үштіктегі екі бірдей орынға ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқи отырыңыз: Азиада-2023: Каратэші Нұрқанат Әжіқанов финалға шықты

Евгений Федоров ұлттық құрамаға алтын медаль, жеке жарыста чемпион Алексей Луценко – күміс медаль әкелді.