05.10.2023, 15:40

Азиада-2023: Қазақстан қоржынында 8-ші алтын

Фото: Спорт және туризм министрлігі
Каратэші Нұрқанат Ажиканов Хасан Масарвехті мерзімінен бұрын жеңді.

Қазақстан құрамасы Азия ойындарында 8-ші алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Нұрқанат Әжіқанов чемпион атанды.

Қазақстандық каратэші 75 келіге дейінгі салмақта иорданиялық Хасан Масарвехпен алтын жүлдені сарапқа салды.

Нұрқанат қарсыласын 8:0 есебімен айқын басымдықпен ұтып, Қазақстан қоржынына сегізінші алтын медальді салды.