$ 479.38  531.63  5.27

Биылғы оқу жылының каникул кезеңдері бекітілді

25 мамырда қорытынды шығарылып, оқу жылы аяқталады.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылының басталу мерзімін, ұзақтығын және каникул кезеңдерін бекітті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылы 1 қыркүйекте басталды, 25 мамырда аяқталады. Бірінші тоқсанда оқу уақыты 8 апта, күзгі каникул 30 қазаннан 5 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады, деп жазды BAQ.KZ.

Екінші тоқсанда 8 оқу аптасы, қысқы каникул 2023 жылдың 29 желтоқсанында басталады, 2024 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. 11 күндік көктемгі каникул 2024 жылдың 21 наурызында басталып, 31 наурызға (қоса алғанда) дейін жалғасады, - деп жызылған министрлік ақпаратында.

Айта кетейік, жыл сайын бірінші сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда қосымша демалыстар беріледі, ұзақтығы 7 күн – 2024 жылдың 5 ақпанынан 11 ақпанға (қоса алғанда) дейінгі уақытты қамтиды.

Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды. Сондай-ақ 25 мамырда қорытынды шығарылып, оқу жылы аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары