Қазақстанда мәслихат депуттаттары арасында да қос азаматтығы бар адамдар анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. Ол 2022 жылы қос азаматтықтың 841 дерегі анықталғанын атап өтті, деп жазды Ulysmedia.kz.
Ал биыл қаңтар-қазан аралығында 525 қос азаматтығы бар адам анықталды. Қос азаматтығы барлардың арасында жергілікті өкілді органдардың депутаттары да болған жағдайлар бар, - деді Сенат спикері палата отырысында.
ҚР Конституциясында қос азаматтыққа тыйым салынған. Қос азаматтық фактілері анықталған кез келген адам Қазақстан азаматтығынан айырылады.