Синоптиктер Қазақстан аумағындағы 2023 жылғы 6 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Синоптиктер Қазақстан аумағында 2023 жылдың 6 қазанына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, республиканың қалған бөлігінде күн райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
Республиканың барлық аумағын тұман басады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады, түнде Ақмола облысының орталығы мен шығысында топырақ бетінде -3°C үсік жүреді, – делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжауынша:
Түркістан облыстарының солтүстігінде, шөлейтті аймақтарында, Қызылорда облыстарының орталығында, шығысында, оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады;
Жамбыл, Маңғыстау облыстарында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі бар.