$ 441.66  475.14  4.86

7 мұғалім «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын алды

Аталған марапат мұғалімдерге салтанатты түрде табысталды.
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бірқатар мұғалімге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аталған марапат мына мұғалімдерге салтанатты түрде табысталды:

— Еңбек ардагері Майра Мәмбетова (Алматы қаласы);

— Қожаберген жырау атындағы орта мектеп мұғалімі Айжан Қапезова (Петропавл қаласы);

— С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатының мұғалімі Роза Салимова (Түркістан облысы);

— А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназия мұғалімі Сәбира Күлпейісова (Қарағанды қаласы);

— академик Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің мұғалімі Сәбит Ибадуллин (Павлодар облысы);

— Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің мұғалімі Айгүл Ержанова (Астана қаласы);

— Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының мұғалімі Баян Базарғалиева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары