"Маңғыстау – Атырау" пойызында мас жолаушы төбелес шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Полицияға бағынбаған жолаушыны пойыздан түсіріп тастауға тура келген.
Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 56 жастағы жолаушы мас күйінде балағат сөздер айтқан. Қауіпсіздік мақсатында ер адам пойыздағы полиция бөлмесіне жеткізілді. Бірақ құқықбұзушы ол жерде де тынышталудың орнына, одан бетер ашуланып, пойыз бастығына бұзақыны пойыз бағытындағы жақын маңдағы станцияға түсіріп кетуден басқа амалы қалмаған.
Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, ұсталған азаматтың орташа дәрежеде мас болғаны анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің үш бабы бойынша әкімшілік материал жинақталды. 440-бап (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу), 434-бап (Ұсақ бұзақылық), 667-бап (Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) және 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Сондай-ақ, Маңғыстау аудандық сотының шешімімен жоғарыда аталған азамат ұсақ бұзақылық пен бағынбағаны үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.