Бейресми түрде «ғылыми Оскар» деп аталатын breakthrough Prize (Серпін) әлемдік сыйлығының лауреаты, ДНҚ талдау саласындағы революционер Паскаль Майер қазақтардың дарындылығы туралы айтты, деп Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлады Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқан Nobel Fest ғылыми фестивалі кезінде мәлімдеді.
Өздеріңіз білетіндей, мен өмірімнің көп жылын ДНҚ зерттеуге арнадым. Мен бір нәрсені айтқым келеді, қазақтардың бірегей ДНҚ-сын көру үшін маған арнайы технологияның қажеті жоқ. Оны Димаш Құдайберген, Күнсұлу Закария сынды талантты адамдардан байқауға болады.
Францияда біз Қазақстан туралы көп естімейміз, бірақ COVID кезінде сіздердің QazVac вакцинасын шығарғандарыңызды естідік және таңғалдық. Сіздер оны бақылау үшін клиникалық сынақтар жүргіздіңіздер. Министр Саясат Нұрбектің сөзі маған қатты әсер етті, әрине, бұл француз министрлерінің сөзінен әлдеқайда жақсы, - деді ол.