06.10.2023, 16:20

Азиада-2023: Ел қоржынына 9-шы алтын жүлде түсті

Фото: Olympic.kz
Қайсар Алпысбай финалда Кувейт елінің спортшысы Абдулла Шаабахты жеңді.

Азия ойындарында каратэден ел намысын қорғаған Қайсар Алпысбай алтын медель иеленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

60 келіде ел намысын қорғаған Қайсар финалда Кувейт елінің спортшысы Абдулла Шаабахты жеңіп, ел қоржынына тоғызыншы алтын жүлдені салды.

Қазіргі уақытта Қазақстанның қоржынында 66 медаль бар: 9 алтын, 16 күміс және 41 қола.