07.10.2023, 07:30

Алдағы демалыста қар жауады

Фото: pixabay
Қазақстанның батысында бұршақ жаууы мүмкін.

Қазгидромет синоптиктері 7-9 қазан аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде синоптикалық жағдайға фронттар ықпал етеді. 

Соның салдарынан найзағай жарқылдап, екпінді жел тұрады, жаңбыр жауады, Қазақстанның батысында бұршақ жаууы мүмкін.

Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда түнгі уақытта жаңбыр мен дымқыл қар жауады.

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады. 

Елдің көптеген аймақтарында ауа температурасы түнде 2-12 градус жылы, 7 қазанда солтүстікте жекелеген аудандарда 1 градусқа дейін үсік сақталады.

Күндіз елдің солтүстік жартысында 10-20, оңтүстік жартысында – 15-27 градус жылы болады.