06.10.2023, 22:30

Астанада такси жүргізушісі шетелдікті 150 метр жерге жеткізіп, пайда тапқан

Фото: Pixabay
Ол теміржол вокзалынан екі жолаушыны тасымалдаған.

Астанада такси жүргізушісі шетелдікті 150 метр қашықтыққа тасымалдап, пайда тапқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Астана стансасының теміржол вокзалында рейд жүргізу кезінде көлік полицейлері елорданың 50 жастағы тұрғынын анықтады, ол теміржол вокзалынан екі жолаушыны тасымалдаған. 

Ер адам жолаушылардың бірінің шетелдік екенін әрі қаланы білмейтінін пайдаланып, оны вокзалдан 150 метр қашықтықта орналасқан "Сапаржай" автовокзалына 500 теңгеге апаруға келіскен.

Аталған факті бойынша құқықбұзушы ҚР ӘҚБтК 449-бабының 1-бөлігі (қоғамдық орындарда тиісу) және ҚР ӘҚБтК 463-бабының 1-бөлігі (тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Дереккөз: Спутник Қазақстан