$ 443.35  475.54  4.82

Шымкентте 100-ден астам заңды тұлға жазаланды

Нәтижесінде бірқатар кемшілік анықталып, тиісті орындарға 1 100 нұсқама берілді.
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Шымкент жолдарын күтіп ұстауға жауапты 100-ден астам заңды тұлға жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Polisia.kz мәліметінше, мегаполисте жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекция бөлімінің қызметкерлері 2 347 шақырым жолды тексерді.

Нәтижесінде бірқатар кемшілік анықталып, тиісті орындарға 1 100 нұсқама берілді. Сондай-ақ жолдарды күтіп ұстауға жауапты 105 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оның ішінде 13 лауазымды азаматқа ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462, 630, 631, 632-баптарында көрсетілген талаптарды бұзғаны үшін хаттама толтырылды.

Айта кетейік, қазіргі таңда қаладағы магистралды жолдарда, яғни Дулати, Қазыбек би, Алматы тас жолы, Желтоқсан, Адырбеков, Тәуке хан даңғылы және 13 ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына көлік қозғалысына қатысу кезінде жол жүру қағидаларын қатаң сақтауды ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары